КГУ  «ЦЕНТРАЛИЗОВАННАЯ БИБЛИОТЕЧНАЯ СИСТЕМА ОТДЕЛА КУЛЬТУРЫ ФИЗИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ И СПОРТА КОРГАЛЖЫНСКОГО РАЙОНА»

 

Социальные сети

   Ақмола облысы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, соның ішінде көру қабілеті нашар адамдарға қажетті жағдайлар жасау мақсатында қазақ тіліндегі сөйлеу синтезі (экран дикторы) жобасын іске асыратындығын хабарлайды. 
Жобаны жүктеу, орнату, қолдану нұсқаулығы және дауыс үлгілері https://screenreader.tilqazyna.kz/  сайтында қолжетімді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!

16.03.2026

   Жыл сайын дәстүрге айналған «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2026 жылы да өз жалғасын табуда. Аталмыш акция аясында биыл ұлы жазушы, қоғам қайраткері Қабдеш Жұмаділовтің көрнекті шығармасы — «Тағдыр» романын таңдады.

Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізілуде.

Республикалық акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру.

Жоба аясында осы жылдар ішінде кітапханамызда түрлі форматта кездесулер, көрмелер, жаңа технологиялық ақпараттар арқылы виртуалды көрмелер, челлендждер, байқаулар ұйымдастырылып, оған мыңдаған аудитория тартылды.

2026 жыл бойы ел болып оқуға таңдалған шығарма бойынша кітапханамызда іс-шаралар түрлі формата жан-жақты насихатталады. 

Автордың шығармасымен таныс болыңыздар:

Қабдеш Жұмаділов (1927–2021) – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы және публицист. Ол қазақ қоғамының әлеуметтік және рухани мәселелерін терең бейнелеген шығармаларымен танымал. Қабдеш Жұмаділовтің еңбектері қазақ әдебиетінде адам тағдырын және ұлттық құндылықтарды зерттеуді ерекше дәріптейді.

Қазақ әдебиетінің қазынасына енген Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы – адам өміріндегі сынақтар мен таңдау, махаббат пен достық, отбасы мен қоғам алдындағы жауапкершілік туралы шынайы хикая.

Роман кейіпкерлерінің тағдырлары бір-бірімен тоғысып, қиындық пен қуаныш, үміт пен қанағатты қатар көрсетеді. Әр бетте өмірлік маңызды сұрақтар туындап, оқырман өзін кейіпкерлермен бірге сезінеді: олардың қиындықтарына шерлі боласыз, жеңістеріне бірге қуана аласыз.

Страница создана: 16.03.2026 13:20
Страница обновлена: 16.03.2026 13:20
Просмотров: 2

Текст