КГУ  «ЦЕНТРАЛИЗОВАННАЯ БИБЛИОТЕЧНАЯ СИСТЕМА ОТДЕЛА КУЛЬТУРЫ ФИЗИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ И СПОРТА КОРГАЛЖЫНСКОГО РАЙОНА»

 

Социальные сети

   Ақмола облысы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, соның ішінде көру қабілеті нашар адамдарға қажетті жағдайлар жасау мақсатында қазақ тіліндегі сөйлеу синтезі (экран дикторы) жобасын іске асыратындығын хабарлайды. 
Жобаны жүктеу, орнату, қолдану нұсқаулығы және дауыс үлгілері https://screenreader.tilqazyna.kz/  сайтында қолжетімді.

«Жамбыл – сөздің алыбы»

25.02.2026

   Кеңбидайық ауылдық округінің кітапханашысы Серік Т.Н. мен мектеп кітапханашысы Дүрімхан Г. бірлесе отырып, оқушылармен бірге қазақ руханиятының темірқазығы – Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай «Жамбыл – сөздің алыбы» атты ашық сабақ ұйымдастырып, тағылымды көрме өткізілді.

Ашық сабақ барысында оқушылар ақынның өмір жолымен танысып, оның ел тағдырын жырлаған отты өлеңдерін оқып, талдау жасады. Жамбылдың суырыпсалмалық өнері, жыраулық дәстүрді жалғастырудағы рөлі және ел бірлігін жырлаған шығармалары кеңінен сөз болды. Кітапхана қабырғасында ұйымдастырылған көрмеге ақынның кітаптары, естеліктері, тарихи фотосуреттері мен мерзімді басылым материалдары қойылды. Оқушылар «Ленинградтық өренім», «Өтеген батыр» сияқты шығармаларынан үзінділер оқып, жыр әлеміне саяхат жасады.

Страница создана: 25.02.2026 17:58
Страница обновлена: 25.02.2026 17:58
Просмотров: 1

Текст