КГУ  «ЦЕНТРАЛИЗОВАННАЯ БИБЛИОТЕЧНАЯ СИСТЕМА ОТДЕЛА КУЛЬТУРЫ ФИЗИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ И СПОРТА КОРГАЛЖЫНСКОГО РАЙОНА»

 

Социальные сети

   Ақмола облысы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, соның ішінде көру қабілеті нашар адамдарға қажетті жағдайлар жасау мақсатында қазақ тіліндегі сөйлеу синтезі (экран дикторы) жобасын іске асыратындығын хабарлайды. 
Жобаны жүктеу, орнату, қолдану нұсқаулығы және дауыс үлгілері https://screenreader.tilqazyna.kz/  сайтында қолжетімді.

Бүгін Қорғалжын аудандық орталық кітапханасында

27.06.2023

    Бүгін Қорғалжын аудандық орталық кітапханасында , Phd докторы, ҚР Ұлттық музейі, Қазақтың дәстүрлі мәдениеті бөлімінің жетекшісі Маулет Ардабидың «Ақмола облысының материалдық емес мәдени мұрасы: кешенді экспедициялық зерттеулер» атты кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шараға, Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары Дарын Сабырғалиұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлнар Қабылханқызы, және де ауылдың құрметті азаматтары мен кітапханашылары қатысты. Іс-шара барысында қонақтар осындай маңызды оқиғаның өткізілуімен шын жүректен құттықтап, авторға жылы лебіздерін білдірді. Соңында Маулет Ардабиге және жұбайына сыйға шапан тарту етілді.

Страница создана: 27.06.2023 17:05
Страница обновлена: 27.06.2023 17:05
Просмотров: 47

Текст